Мыңшұңқыр (қоныс)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

МыңшұңқырБалқаш көлінің солтүстік-батысында, Мойынты өзенінің сағасынан оңтүстікке қарай орналасқан қоныс. Солтүстігін Жуантөбе тауы, оңтүстігін Балқаш көлі, батысын Мойынты – Шу темір жолы, шығысын Ақирек тауы қоршап тұр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 65 км-ге созылып жатыр, ені 25 – 30 км. Төрттік дәуірдің аллювийлік-делювийлік борпылдақ шөгінділері жауып жатқан карбон жыныстарынан түзілген. Сұр, сұр құба, сортаң топырағында түрлі жусан, баялыш, бұйырғын, тағы басқа шөлдік өсімдіктер өседі. <ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мыңшұңқыр (қоныс)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}