Жоба:Инкубатор/Руслан Бақытжанұлы Жұмағұлов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Ғалым
Руслан Бақытжанұлы Жұмағұлов (1975 жыл 11 қараша Алматы) — қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы, халықаралық инженерлік академияның академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі.
Білімі
- 1996 ж. –Қазақ мемлекеттік басқару академиясы
- 2004 ж. – Атырау мұнай және газ институты.
- 2008 ж. – Қазақ мемлекеттік заң университеті.
Қызмет жолы
- 1996–1997 жж. – ҚР Инженерлік академиясының ғылыми-зерттеу ақпараттық-есептеу орталығында еңбек жолын экономист-бухгалтер ретінде бастады.
- 1997–1998 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратында маман, жетекші маман, экономика бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
- 1997–2001 жж. – Алматы мемлекеттік технологиялық университетінің «Қаржылық есеп және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы.
- 1998–1999 жж. – Ирландияның «FAS» компаниясында жетекші инженер.
- 1999–2001 жж. – Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Сыртқы экономикалық саясат департаментінің бас маманы.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-дағы жұмысы
- 2001–2005 жж. – «НМСК «Қазмортрансфлот» АҚ – бас маман, департамент директоры, даму жөніндегі бас директордың орынбасары.
- 2005–2007 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту департаментінің директоры.
- 2007–2013 жж. – «Азиялық газ құбыры» ЖШС – Бас директордың орынбасары, басқарма мүшесі.
- 2013–2017 жж. – Халықаралық инженерлік-технологиялық университет – Президент.
- 2017–2023 жж. – «Emirates Kazakhstan Education Investment Group» ЖШС – Басқарма төрағасы.
- 2019–2023 жж. – Швейцариялық инвестициялық компания SKARC – Басқарма төрағасы.
- 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін –«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ – Экономика және қаржы жөніндегі бас директор.
Ғылыми еңбектері
Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау кешенінің әлемдік экономика жүйесіне интеграциялану жағдайындағы қызметі» 50-ден астам ғылыми мақаланың, оқу құралдарының және монографиялардың авторы.
- «Қазақстанның мұнай-газ кешенінің шикізат базасын пайдалану тиімділігін арттыру» (Шымкент, конференция, 2004 жыл)
- «Мұнайды әлемдік нарықтарға тасымалдау жобаларының экономикалық бағалануы» («Инженерлік академиясының хабаршысы» журналы)
- «Көмірсутек шикізатын өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық-экономикалық мәселелер» («Мұнай және Газ» журналы)
- «Каспий теңізі қайраңындағы мұнай құрылымдарын игеруге байланысты Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін арттыру перспективалары» («Инженерлік академиясының хабаршысы» журналы)
- «Көмірсутек шикізатын өңдеуге және экспортқа тасымалдаудың тиімділігін арттыру жолдары» (Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен)
- «Мұнайды сыртқы нарықтарға экспорттау мәселелері» (Конференция және мақалалар жинағы, Еуразия университеті, Астана)
- «Мұнай өндіруді қарқындатуға байланысты қоршаған ортаны қорғау мәселелері» («Ғылым және білім» журналы, Оңтүстік Қазақстан университетінің «Экология және қоршаған ортаны сақтау» ғылыми мақалалар жинағы)
- «Қазақстан Республикасының мұнай секторының шикізаттық әлеуетпен қамтамасыз етілуі» (Астана қаласындағы конференция)
- «Көлік жүйелері арқылы мұнай тасымалдау көлемін арттырудың экономикалық алғышарттары» (Қарағанды экономикалық университетіндегі конференция)
Жанұясы
Әкесі -Бақытжан Жұмағұлов, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері
Дереккөздер
- "Халықаралық инженерлік-технологиялық университет (MЕTU)". www.metu.edu.kz.
- "Жумагулов Руслан Бакытжанович". Инженерная академия Республики Казахстан
- "Руслан Бақытжанұлы Жұмағұлов" – «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы
- "Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің хабаршысы"
- "Ұлттық инженерлік академиясы Қазақстан Республикасы"
- "ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУЛЫҚ ТҮРЛЕРДІРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ"