Жоба:Инкубатор/Руслан Бақытжанұлы Жұмағұлов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:45, 2025 ж. наурыздың 19 кезіндегі Bulatormen (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Ғалым

Руслан Бақытжанұлы Жұмағұлов (1975 жыл 11 қараша Алматы) — қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы, халықаралық инженерлік академияның академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

Білімі

Қызмет жолы

  • 1996–1997 жж. – ҚР Инженерлік академиясының ғылыми-зерттеу ақпараттық-есептеу орталығында еңбек жолын экономист-бухгалтер ретінде бастады.
  • 1997–1998 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратында маман, жетекші маман, экономика бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
  • 1997–2001 жж. – Алматы мемлекеттік технологиялық университетінің «Қаржылық есеп және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы.
  • 1998–1999 жж. – Ирландияның «FAS» компаниясында жетекші инженер.
  • 1999–2001 жж. – Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Сыртқы экономикалық саясат департаментінің бас маманы.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-дағы жұмысы

  • 2001–2005 жж. – «НМСК «Қазмортрансфлот» АҚ – бас маман, департамент директоры, даму жөніндегі бас директордың орынбасары.
  • 2005–2007 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту департаментінің директоры.
  • 2007–2013 жж. – «Азиялық газ құбыры» ЖШС – Бас директордың орынбасары, басқарма мүшесі.
  • 2013–2017 жж. – Халықаралық инженерлік-технологиялық университет – Президент.
  • 2017–2023 жж. – «Emirates Kazakhstan Education Investment Group» ЖШС – Басқарма төрағасы.
  • 2019–2023 жж. – Швейцариялық инвестициялық компания SKARC – Басқарма төрағасы.
  • 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін –«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ – Экономика және қаржы жөніндегі бас директор.

Ғылыми еңбектері

Диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау кешенінің әлемдік экономика жүйесіне интеграциялану жағдайындағы қызметі» 50-ден астам ғылыми мақаланың, оқу құралдарының және монографиялардың авторы.

  • «Қазақстанның мұнай-газ кешенінің шикізат базасын пайдалану тиімділігін арттыру» (Шымкент, конференция, 2004 жыл)
  • «Мұнайды әлемдік нарықтарға тасымалдау жобаларының экономикалық бағалануы» («Инженерлік академиясының хабаршысы» журналы)
  • «Көмірсутек шикізатын өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық-экономикалық мәселелер» («Мұнай және Газ» журналы)
  • «Каспий теңізі қайраңындағы мұнай құрылымдарын игеруге байланысты Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін арттыру перспективалары» («Инженерлік академиясының хабаршысы» журналы)
  • «Көмірсутек шикізатын өңдеуге және экспортқа тасымалдаудың тиімділігін арттыру жолдары» (Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен)
  • «Мұнайды сыртқы нарықтарға экспорттау мәселелері» (Конференция және мақалалар жинағы, Еуразия университеті, Астана)
  • «Мұнай өндіруді қарқындатуға байланысты қоршаған ортаны қорғау мәселелері» («Ғылым және білім» журналы, Оңтүстік Қазақстан университетінің «Экология және қоршаған ортаны сақтау» ғылыми мақалалар жинағы)
  • «Қазақстан Республикасының мұнай секторының шикізаттық әлеуетпен қамтамасыз етілуі» (Астана қаласындағы конференция)
  • «Көлік жүйелері арқылы мұнай тасымалдау көлемін арттырудың экономикалық алғышарттары» (Қарағанды экономикалық университетіндегі конференция)


Жанұясы

Әкесі -Бақытжан Жұмағұлов, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері

Дереккөздер

  1. "Халықаралық инженерлік-технологиялық университет (MЕTU)". www.metu.edu.kz.
  2. "Жумагулов Руслан Бакытжанович". Инженерная академия Республики Казахстан
  3. "Руслан Бақытжанұлы Жұмағұлов" – «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы
  4. "Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің хабаршысы"
  5. "Ұлттық инженерлік академиясы Қазақстан Республикасы"
  6. "ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУЛЫҚ ТҮРЛЕРДІРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ"