Шәкір Шәкімшәріпұлы Ибраев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шәкір Шәкімшәріпұлы Ибраев (31 желтоқсан 1950 жылы туған, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бестам ауылы ) – фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы (1993), профессор (1997).

  • ҚазМУ-дың (1973, қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін бітірген.
  • Мәскеу қаландағы КСРО ҒА Шығыстану институтының аспирантурасын (1979) бітірген.
  • ҚазМУ-да аға оқытушы (1980–89)
  • Әдебиет және өнер институтында Қолжазбалар орталығының жетекшісі (1989–93), институт директоры (1995–2000)
  • Түркістан қаласындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті (2001–04), осы университет жанындағы ғылыми орталық (2003–04)
  • 2004-2007 жж. – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Ғылым орталығы директоры.
  • 2007–2010 жылдар Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарды.
  • 2014-2022 жж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры.
  • 2024–2025 жж. - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология институтының директоры.

Ғылыми еңбектері

«Қазақтың батырлық эпосының поэтикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми-зертеулік еңбектері фольклор және түркология мәселелеріне арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымы, монографиялары мен кітаптары:

  • «Қазақ эпосы», 1977;
  • «Эпос әлемі», 1993;
  • «Оғыз батырлық эпосының поэтикасы», 1997;
  • «Дастан құрылымы», 1998, соңғысы түрік тілінде, т. б.) жарық көрген.

Мемлекеттен алған марапаттары

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының шаруашылығы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы лауреаты (1990).<ref>Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы</ref>
  • «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығы (Анкара, 2006).
  • Ғылымға қосқан ерекше үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стипендиясы берілді (2008).
  • Еуропалық бизнес, ғылым және өнер Ассамблеясының (ЕВА, Англия) «Біріккен Еуропа» халықаралық наградасы (Оксфорд, 2008).
  • «Құрмет» ордені (2009).
  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне «20 жыл» медалі (2011).
  • «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалі (2014).
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі (2020).
  • «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы» ТҮРКСОЙ медалі (Анкара, 2020).
  • Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Әбу Насыр әль-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды (2021).
  • «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы» медалі (2022).
  • «Парасат» ордені (2024).

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала