Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:02, 2026 ж. маусымның 16 кезіндегі Sagzhan (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Спортшы

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) 6 мамыр 1951 жыл Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысы <ref>Энциклопедический справочник «Спортивный Казахстан», Издательства «Арыс», Алматы, 2004 ж., 196 страница</ref> – 2 тамыз 2020) — грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Биографиясы

Дулат тайпасының Шымыр руының Бестерек бөлімінен.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

  • 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,
  • 1981 жылы әлем чемпионы,
  • 1982 жылы әлем кубогінің күміс жеңімпазы,
  • 1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.
  • 1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
  • 1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.
  • 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.

Марапаттары

Жақсылық Үшкемпіров спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>.

Отбасы

Анасы – Күнтөре Әміралиева.

Дереккөздер

<references/>