Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов
Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов (1 қыркүйек 1948, Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылы) — қазақстандық саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері, Мәжілістің V, VI, VIII шақырылым депутаты (2012, 2016—2021, 2023 жылдан бастап) және 2016 жылдан бастап Ардагерлер ұйымының төрағасы. Бұрын Атырау облысының әкімі (2012—2016), Батыс Қазақстан облысының әкімі (2007—2012), Энергетика және минералды ресурстар министрі (2006—2007) лауазымдарын атқарған.
Білімі
Байұлы тайпасы Адай руынан.<ref>https://ia-centr.ru/publications/13992/ Үлгі:Webarchive</ref>
- Уфа мұнай институтын кен инженері мамандығы бойынша бітірген (1971).
- Техника ғылымдарының докторы (1998).
- Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2003).
- 5 монографияның, 4 ғылыми есеп берудің, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Өнертабысқа 4 авторлық куәлігі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
Биографиясы
- 1971 жылдан - «Ембімұнай» бірлестігінің Прорва бұрғылау кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы (Гурьев облысы Сарықамыс кенті).
- 1972 жылдан - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтының бұрғылау технологиясы зертханасының аға инженері (ҚазҒЗГБИ, Гурьев қаласы).
- 1973 жылдан - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында аға инженер, техникалық мөлшерлеу және ЕҒҮ отрядының бастығы (Гурьев қ.).
- 1978 жылдан - ҚазҒЗГБИ-ның зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары.
- 1983 жылдан - Кеңес мұнай барлау экспедициясының аға инженері (Аден қаласы, Йемен).
- 1987 жылдан - ҚазҒЗГБИ-нда зертхана меңгерушісі.
- 1988 жылдан - Гурьев сынақтық-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы.
- 1991 жылдан - ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Мұнай және газ басқармасының бастығы.
- 1993 жылдан - «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның бас директоры; «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ теңіз жобалары жөніндегі бірлескен кәсіпорындардың атқарушы директоры, «Қазақстанмұнайгаз» ҰМК-ның теңіз жобалары жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖАҚ-тың бас директоры.
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ БК-нің үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры.
- 2003 жылдан - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің бірінші вице-министрі.
- 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрі.
- 08.2007 - 01.2012 жылдар аралығында - Батыс Қазақстан облысының әкімі.
- 2012 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі V шақырылымдағы депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланды.<ref>Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми сайтындағы өмірбаяны</ref>
- 2012 жылдың 15 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Б.Ізмұхамбетовты Атырау облысының әкімі ретінде тағайындады.<ref>Мемлекет басшысының Жарлығымен Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы Атырау облысының әкімі болып тағайындалды 15.08.2012</ref>
- 2016 жылғы 25 наурыз — 22 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасы.<ref>Бақтықожа Ізмұхамбетов мәжіліс төрағасы болды</ref>
- 2016 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық қеңесінің төрағасы.
- 2016 жылғы 22 маусымнан 2021 жылдың 21 маусымына дейін VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
- 2023 жылғы 28 наурызынан VIІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.<ref>[https://www.parlam.kz/kk/blogs/Izmuhambetov/Biography ІЗМҰХАМБЕТОВ
БАҚТЫҚОЖА САЛАХАТДИНҰЛЫ]</ref>
Қоғамдық қызметі
Гурьев облысының Балықшы аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1989-1991).
Марапаттары
- «Құрмет» (1999),
- II дәрежелі «Барыс»,
- I дәрежелі Ұлы Петр (РФ, 2006),
- «Сіңірген еңбегі үшін» (Украина Республикасы, 2008) ордендерімен марапатталған .
- Йемен ХДР-дағы КСРО елшілігінің Алтын кітабына енгізілген (1986).
- Уфа мұнай институты Алтын белгісінің жүлдегері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Отбасы
Әкесі - Ізмұхамбетов Салахатдин, мұғалім болған. Анасы - Қалиева Әсима, зейнеткер. Үйленген, екі баласы, үш немересі бар.
Дереккөздер
<references/>
- Құрманғазы ауданында туғандар
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары
- Атырау облысының әкімдері
- Қазақстан мұнайшылары
- Батыс Қазақстан облысының әкімдері
- Қазақстан энергетика министрлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің төрағалары
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденінің иегерлері
- Барыс орденінің иегерлері
- Құрмет орденінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Техника ғылымдарының докторлары
- Қазақстан инженерлері
- Энергетиктер