Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ізмұхамбетов, Бақтықожа Салахитдинұлы (1 қыркүйек 1948, Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі Төрағасы (наурыз 2016).
Білімі
- Уфа мұнай институтын кен инженері мамандығы бойынша бітірген (1971).
- Техника ғылымдарының докторы (1998).
- Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2003).
- 5 монографияның, 4 ғылыми есеп берудің, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Өнертабысқа 4 авторлық куәлігі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
Биографиясы
- 1971 жылдан - «Ембімұнай» бірлестігінің Прорва бұрғылау кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы (Гурьев облысы Сарықамыс кенті).
- 1972 жылдан - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтының бұрғылау технологиясы зертханасының аға инженері (ҚазҒЗГБИ, Гурьев қаласы).
- 1973 жылдан - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында аға инженер, техникалық мөлшерлеу және ЕҒҮ отрядының бастығы (Гурьев қ.).
- 1978 жылдан - ҚазҒЗГБИ-ның зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары.
- 1983 жылдан - Кеңес мұнай барлау экспедициясының аға инженері (Аден қаласы, Йемен).
- 1987 жылдан - ҚазҒЗГБИ-нда зертхана меңгерушісі.
- 1988 жылдан - Гурьев сынақтық-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы.
- 1991 жылдан - ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Мұнай және газ басқармасының бастығы.
- 1993 жылдан - «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның бас директоры; «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ теңіз жобалары жөніндегі бірлескен кәсіпорындардың атқарушы директоры, «Қазақстанмұнайгаз» ҰМК-ның теңіз жобалары жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖАҚ-тың бас директоры.
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ БК-нің үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры.
- 2003 жылдан - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің бірінші вице-министрі.
- 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі.
- 08.2007 - 01.2012 жылдар аралығында - Батыс Қазақстан облысының әкімі.
- 2012 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі V шақырылымдағы депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланды <ref>Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми сайтындағы өмірбаяны</ref>.
- 2012 жылдың 15 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Б.Ізмұхамбетовты Атырау облысынң әкімі ретінде тағайындады <ref>Мемлекет басшысының Жарлығымен Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы Атырау облысының әкімі болып тағайындалды 15.08.2012</ref>.
- 2016 жылғы 25 наурыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасы.<ref>Бақтықожа Ізмұхамбетов мәжіліс төрағасы болды</ref>
Қоғамдық қызметі
Гурьев облысының Балықшы аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1989-1991).
Марапаттары
- «Құрмет» (1999),
- II дәрежелі «Барыс»,
- I дәрежелі Ұлы Петр (РФ, 2006),
- «Сіңірген еңбегі үшін» (Украина Республикасы, 2008) ордендерімен марапатталған .
- Йемен ХДР-дағы КСРО елшілігінің Алтын кітабына енгізілген (1986).
- Уфа мұнай институты Алтын белгісінің жүлдегері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Отбасы
Әкесі - Ізмұхамбетов Салахатдин, мұғалім болған. Анасы - Қалиева Әсима, зейнеткер. Үйленген, екі баласы, үш немересі бар.
Дереккөздер
<references/>