Серік Шәуенұлы Тәукебаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Серік Шәуенұлы Тәукебаев — (26 ақпан 1961, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық саяси қайраткер, Өскемен қаласының әкімі (2012-2013).

Өмірбаяны

Қазақ. Әкесі - Тәукебаев Шәуен (1934-2002). Анасы – Маханова Алмагүл (1938-2000). Қазақ химия-технологиялық институтының құрылыс-инженерлік факультетін (1983) құрылыс инженері мамандығы бойынша; Шымкент университетінің заң факультетін (2004) заңгер мамандығы бойынша; Қарағанды экономикалық университетінің экономика факультетін (2005) экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

  • 1978 жылдан - Қазақ химия-технологиялық институтының студенті (Шымкент қаласы).
  • 1983 жылдан - «Қазболатконструкция» тресінің №2 Жамбыл облыстық басқармасының шебері.
  • 1984 жылдан - «Средазтрансстрой» тресінің инженер-экономисі, құрылыс шебері, прорабы, аға прорабы, бас инженерінің орынбасары, бас инженері, СМП-194 бастығы (ОҚО Түркістан қаласы).
  • 1996 жылдан -«Түркістанкөлікқұрылысмонтаж» АҚ бірінші вице-президенті, директоры. 1999 жылдан - Түркістан қаласы әкімінің орынбасары. 2001 жылдан - Түркістан облысының құрылыс, сәулет және аумақтар құрылысы департаментінің бастығы.
  • 2002 жылдан - Түркістан облысындағы Жер инспекциясының бастығы.
  • 2005 жылдан - Түркістан облысындағы Жер қатынастары басқармасының бастығы.
  • 2006 жылдан - ОҚО Арыс қаласының әкімі.
  • 2008 жылдың наурызынан қарашасына дейін - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2009 жылдың ақпанынан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік Қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2010 жылдың қазанынан бері - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
  • 2012 жылдың ақпанынан бері- Өскемен қаласының әкімі

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub