Гүлмира Сәлімжанқызы Сұлтанғалиева
Үлгі:Ғалым Гүлмира Сәлімжанқызы Сұлтанғалиева — тарих ғылымының докторы (2003), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы
1959 жылы 16 мамырда Ақтөбе қаласында туған.
ҚазМУ-ды (1981, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) және аспирантурасын (1990) бітірген.
1985-2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында (қазіргі Ақтөбе өңірлік университеті) ассистент, оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, проректоры болды. 2009 жылдан Қазақ ұлттық университетінде профессор қызметін атқарады.
2007-08 жылдары Жапонияның Саппоро қаласындағы Хоккайдо университетінде, 2010 жылы АҚШ-тың Мадисондағы Висконсин университетінде дәріс оқыды. Токио, Саппоро, Осака (Жапония), Кембридж (Англия), Уфа, Қазан, Мәскеу, Орынбор қалаларында өткен халықаралық симпозиумдарға қатысты.
Еңбектері
80 ғылыми еңбектің, оның ішінде 7 монографияның авторы.
Марапаттары
- "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (1998);
- Қазақстан Республикасы "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2006);
- "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2008, 2011);<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
- "Еңбек Ері" медалі (2020).<ref>Профессор Гүлмира Сәлімжанқызы Сұлтанғалиева «Еңбек Ері» медалімен марапатталды</ref>