Роза Ізтілеуқызы Қадірбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Роза Ізтілеуқызы Қадірбаева — педагогика ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1961 жылы 10 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысы, Сауран ауданы, Нұртас ауылында туған.

ҚазМУ-ды (1983, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Жезқазған педагогикалық институтында (1983-90), Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы (1990-96), Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтында компьютер орталығы меңгерушісі, декан (1996-2008), вице-президент қызметтерін атқарды.
"Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы "Өрлеу" АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының филиалында кафедра меңгерушісі (2013-14), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының "Информатика" кафедрасының доценті және "Ғылыми-зерттеу бағдарламаларын сараптау орталығының" басшысы (2014-16), "Тарих және педагогика" факультетінің деканы (2016), Математика кафедрасының меңгерушісі (2016-21), Педагогикалық-инновация орталығының басшысы (2021), 2022-23 оқу жылынан бастап бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің "Математика" кафедрасының доценті.<ref>Қадірбаева Роза Ізтілеуқызы.</ref>

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
80-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.

Марапттары

  • Қазақстан Республикасының "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2009);<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
  • "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына 80 жыл" төсбелгісі (2017);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағы иегері (2020);
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Құрмет грамотасы" (2022);
  • "Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін" төсбелгісі (2024)..<ref>Қадірбаева Роза Ізтілеуқызы.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер