Бағдат Батырбекұлы Мусин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Бағдат Батырбекұлы Мусин (3 наурыз 1983 жыл, Екібастұз) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, кәсіпкер,<ref name="kengesmucesi" /> 2024 жылғы маусымнан Қазақтелеком компаниясының басқарма төрағасы.<ref name="qazaqtelecom">Үлгі:Cite web</ref>

Бұрын Мусин 2020–2024 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі,<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> 2021–2022 жылдары ТМД Ғарыш жөніндегі мемлекетаралық кеңестің төрағасы<ref>Үлгі:Cite web</ref> болды. 2019 жылы ол Қазақстан президенті басқарған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі еді,<ref name="kengesmucesi">Үлгі:Cite web</ref> кейінірек мүшелігін тоқтатты.

Өмірбаяны

1983 жылы 3 наурызда Екібастұз қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Сүлейман Демирел университетін «Компьютерлік технологияның бағдарламалық және аппараттық құралы» мамандандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қазақ заңтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген, мамандығы –«Заңгер».

2004-2007 жж. - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарында IT -бөлімшелерін құру департаментінің бас инженері, бөлім бастығы, директордың орынбасары

2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бөлімінің бастығы.

2008-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментінің бастығы.

2010-2011 жж. - Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары.

2011-2012 жж. - Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ХҚКО үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары.

2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО үйлестіру комитетінің төрағасы.

2014 жылдың сәуір-тамызы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2014-2017 жж. - «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы.

2017-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы.

2020 жылғы 13 наурыздан бастап 20 шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі.

2020 жылғы 20 шілдеден бастап - Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш индустриясының бірінші вице-министрі.

2020 жылғы 2 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 30 сәуірге дейін — Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі. Қызметтен кеткенінің ресми себебі — «өз еркімен» отставка жариялауы.<ref name="qazaqtelecom" />

2024 жылғы 10 маусымнан бастап — Қазақтелеком басқарма төрағасы.<ref name="qazaqtelecom" />

Сын

Интернет-трансляция кезіндегі қателіктер

2023 жылдың 23 сәуір күні цифрлық министрлік жүргізген YouTube тікелей эфирі кезінде көрермендер қателіктерге тап болды, Мусинның интернетті жақсарту жайлы сөзі онлайн көрермендерге анық емес болды.<ref name="mintengri">Үлгі:Cite web</ref> Оқиғаның ирониялығы кейінірек интернет мемге айналды,<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> тікелей эфирдің сол бөлігін көргендер министрліктің жұмысын сынға алды. Министрліктің өзі бұл қателер интернеттің нашарлығынан емес, қолданылған бағдарламалық жасақтаманың себебінен орын алды деген.<ref name="mintengri" />

Интернет нашарлауы

2023 жылдың маусымында цифрлық даму министрі Мусин интернеттің күрт нашарлау себептері деп радиофобтарды<ref>Үлгі:Cite web</ref> және тарифтердің арзандығын<ref>Үлгі:Cite web</ref> атады да, қазақстандықтарға "Интернетті судай үнемдеу керек" деген кеңес берді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Осы тұжырымдамалары үшін ол сынға алынды. Kcell және Activ абоненттері байланыс проблемаларының бар екенін айтып кетті. Соған қарамастан ол Астананың "35 қаладан асып кеткенін" және Токиодағы интернеттен де күшті екенін айтып кетті және Астанада интернеттің нашар болғанын мойындамады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Қазақстандық журналист Назымгүл Күмісбаева екі қаладағы интернетті салыстырып, Мусиннің сөзін теріске шығарды: Астананың ҚазМедиа ғимаратындағы интернет жылдамдығы секундына 5,2 мегабит болса, Токиода бұл сан 47,6-ға тең болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Олжас Бектеновтің министрлер кабинеті Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті