Ирония

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ирония (Үлгі:Lang-el - келемеж,кекесін) - адамға зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі. Иронияға астарлы сықақ, іштей мазақ жатады (мысалы, қара кісіні "аппағым", пұшық адамды "қоңқағым" деу). Ирония 18 ғасырдың аяғында барынша дамыды. Еуропада - Вольтер, Г.Гейне, Ф.Франс, Б.Шоу, Ресейде Н.В. Гоголь, М.Е. Салтыков-Щедрин, В.В. Маяковский, А.Т. Твардовский, т.б. шығармаларында кеңінен қолданылды. Ирония қазақ әдебиетінде де көп кездеседі. Мысалы, "Айман-Шолпан" жырында Айманның Әлібекті, "Біржан - Сара" айтысында Сараның Жиенқұлды "Мақтауы". Абай иронияны әлеуметтік өмірдегі кемшіліктерді мінеп, шенеуге арнады ("Болыс болдым мінеки", "Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек", т.б.). С.Дөнентаев, С.Торайғыров, А.Тоқмағамбетов, О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы, Ғ.Қабышев, С.Адамбеков, т.б. Иронияға толы көптеген шығармалар жазды. М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің прозалық туындыларында ирония молынан кездеседі.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Ирония — риторикалық тәсіл, көп мағыналы металогиканың түрі. Мақсаты - сұхбаттасқан адамның әңгімесін жоққа шығару, теріс айналдыру. Мұндай жағдайда әңгіме мен оның астары сәйкес келмейді. Ирония сөйлемнің логикалық мағынасын өзгертеді және тілден тыс тірлікке де берекесіздік әкеледі, сондықтан ежелден бері ирония өмір сүрудің амалы ретінде пайымдалады. Аристотель "Үлкен этика" деген еңбегінде жорта сөйлеуші өзіндегі барды аз ғып көрсетіп, білген нәрсесін аитпайды дейді. Жорта сөйлеушінің үлгісі ретінде Сократты атауға болады. Ол өзін жорта төмендетіп, жүрттың басын айналдыратын еді, сөйтсе де, оның әңгімелерінде өз-өзін төмендеткен ұсқынсыздықпен қатар Құдайға тән мазмұн болатын. Кьеркегордың айтуынша, сократтық ирония дегеніміз - дағдылы өмір тәртібін жоқққа шығару, себебі ол өзінің идеясына сәйкес емес.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}