Арман Төлешұлы Қожахметов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Арман Төлешұлы Қожахметов (9 қазан 1967, Сәтбаев, Қарағанды облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты (2012–2016, 2016–2023).

Өмірбаяны

Арман Төлешұлы 1967 жылы Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы қарамағындағы Нарық институтын, Ресей Федерациясы Үкіметі қарамағындағы Халық шаруашылығы академиясының Жоғары бизнес мектебін бітірген.

Университетті бітіргеннен кейін «Жезқазғантүсмет» АҚ заңгер, заң бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1999-2001 жылдары — «Қазақмыс» корпорациясы «Шығысқазмыс» филиалы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болды.

2001-2007 жылдары — «Қазақмыс» корпорациясының Заң қызметі департаменті директорының орынбасары болды.

2007-2012 жылдары — «Қазақмыс» корпорациясының заң қызметтері департаментінің директоры болды.

2012 жылдың 18 қаңтарынан 2016 жылдың 20 қаңтарына дейін — «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші сайланым депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.

2016 жылдың 24 наурызынан бастап — «Нұр Отан» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 6-сайланым депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер