Тимур Мұратұлы Сүлейменов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Тимур Мұратұлы Сүлейменов (5 сәуір 1978 жыл, Павлодар) — қазақстандық саясаткер, экономист, 2023 жылдан бастап қызметтегі Ұлттық банк төрағасы. Оған дейін 2016—2019 жылдары Ұлттық экономика министрі, 2019—2023 жылдары Президент көмекшісі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары және бірінші орынбасары болған.

Өмірбаяны

1978 жылғы 5 сәуірде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында дүниеге келді. Арғын тайпасының Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Әлеуметтік саладағы мен өнеркәсіптегі экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады. 2002 жылы Болашақ стипендиясымен Колледж-Парктегі Мэриленд университетінің магистратурасын «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін 2006 жылға дейін Ernst & Young Kazakhstan компаниясының салық жөніндегі кеңесшісі болды.

Кейін 3 жыл бойы ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ салық есебі және салықтық жоспарлау департаментінің директоры болды.

Бұдан кейін Сүлейменовтың еңбек жолы Үкіметте жалғасты.

Қазақстан Үкіметінің № 369 бұйрығымен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2010 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің атауы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып өзгеріп, Сүлейменов орынбасарлығына қайта тағайындалып, жұмысын 2012 жылға дейін атқарды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2011 жылғы № 2 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның алғашқы құрамына еніп, 2012 жылы тұңғыш Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2017 жылғы қаңтар—қыркүйекте Қазақстан Үкіметінің Қазақстан Ұлттық Банкіндегі өкілі;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2017—2019 жылдары “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесінде болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) лауазымын иеленіп отырғанда 2016 жылдың соңында Қазақстан Президентінің  № 395 жарлығымен Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Комиссиядағы мүшелігінен (Министрлігінен) 4 айдан кейін босатылса, Экономика министрлігінен 2019 жылы 25 ақпанда босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

3 күннен кейін Ұлттық банкінің төрағасының орынбасары болып тағайындалып, бұл қызметте 20 күн болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Лауазымынан босатылған күні-ақ Президенттің № 2 жарлығымен Президент көмекшісі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2019—2020 жылдары Самұрық-Қазына акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесінде болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2019 жылғы шілдеде Президенттің № 77 жарлығымен Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2019 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі аппаратының мүшесі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2020 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Президенті Әкімшілігі жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингі орталығының басшысы.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2022 жылға дейін орынбасары болса, одан кейін Президенттің № 766 жарлығымен бірінші орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Лауазымынан 2023 жылғы 1 қыркүйекте босатылып, 3 күннен кейін Президенттің № 334 жарлығымен Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жеке өмірі

Үйленген, жұбайы Айгерім Болатқызы Сүлейменова (тумысында Кішкембаева, 1979 туған). Балалары: ұлдары — Жәңгір (2002 туған), Тайыр мен Мадияр (2010 туғандар) және қызы — Мерейлі (2005 туған).

Әкесі Мұрат Құснұлұлы Сүлейменов (1954 туған) жоғары санатты дәрігер-хирург-онколог және әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымының бірінші санатты дәрігері бар. Оның жетекшілігіммен Қазақстанда алғаш рет танымал онкологиялық реестр, онкологиядағы автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізілді, оның бағдарламалық өнімі 1988 жылдан бері Іс-әрекеттің индикативті негізінде қолданылып келеді, кейіннен олар Семей, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Талдықорған облыстарында енгізілді. КСРО және Қазақстан денсаулық сақтау үздігі.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Анасы Жұпар Азықанқызы Сүлейменова (1954 туған) — дәрігер.

Қарындасы Данара Мұратқызы Сүлейменова (1985 туған) — дәрігер, философия докторы.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Қазақ, орыс, және ағылшын тілдерін меңгерген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер