Жәмилә Нүсіпжанқызы Нұрманбетова
Жәмилә Нүсіпжанқызы Нұрманбетова (22 ақпан 1964, Алматы облысы) — қазақстандық мемлекет, қоғам қайраткері және философ. Философия докторы және профессор.
Мазмұны
Өмірбаяны
1964 жылы 22 ақпанда Алматы облысы, Балқаш ауданында дүниеге келді.
Білімі
1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетін “Философия” мамандығы бойынша, 1989 жылы РҒА Философия институтының аспирантурасын тәмамдады. 1999 жылы философия докторы ғылыми дәрежесін, 2004 жылы профессор ғылыми атағына ие болды және 2013 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, кейін 2020 жылы академигі атанды.
Мансабы
- 1989—1992 — Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі Философия және саясаттану институтының әлеуметтік философия, этика кафедрасының аға лаборанты, әлеуметтік философия, этика кафедрасының ғылыми қызметкері;
- 1992—2000 — Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі Философия және саясаттану институты Мәдениет және саясат философиясы кафедрасының ғылыми қызметкері;
- 2001—2002 — Еуразия ұлттық университеті Философия кафедрасының меңгерушісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2003—2004 — Еуразия ұлттық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры;
- 2004—2016 — Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры;
- 2016—2019 — Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VI және VII сайланым депутаты.
Жеке өмірі
Тұрмыста, жұбайы Саяхат Алпысұлы Қонақаев (1955—2014) — “Тау-Кен Самұрық” АҚ төрағасының орынбасары (2009—2014). Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Алпысқызының інісі.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 3 баласы бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ғылыми жобалары
- 2009—2011 — «Қазақстандағы жастар және дәстүрлі емес конфессиялар» жобасының жетекшісі;
- 2011—2014 — «Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету бойынша құжаттама» ТЕМПУС жобасының үйлестірушісі;
- 2012—2014 — “Болон декларациясының негізгі идеяларын іске асыру контекстінде кәсіби кадрларды даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» жобасының жетекшісі.
Еңбектері
- Философия және ғылым әдіснамасы (Үлгі:Lang-ru);
- Ғылымның тарихы және философиясы (Үлгі:Lang-ru);
- Адам болмысының архитектурасы (Үлгі:Lang-ru).
Марапаттары мен атақтары
- Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2001);
- Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі, Астанаға 10 жыл медалі (2008);
- Құрмет ордені (2009);
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011);
- Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін көпшілік мойындағаны үшін «Ажар» ұлттық сыйлығы (2012);
- Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі (2013);
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014);
- Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл медалі (2015);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі, ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамотасы (2016);
- ТМД ПАА 25 жыл медалі (2017);
- Астанаға 20 жыл медалі (2018);
- Белсенді қызметі үшін медалі (2019);
- Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалі (2020).
Дереккөздер
- Философия ғылымдарының докторлары
- Еуразия ұлттық университетінің профессорлары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VI шақырылымының депутаттары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаттары
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері