Сапархан Кесікбайұлы Омаров
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сапархан Кесікбайұлы Омаров (5 мамыр 1968, Шымкент облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, экономист, 2019—2022 жылдар аралғында Ауыл шаруашылығы министрі.
Өмірбаяны
1968 жылы 5 мамырда Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы, Утробат ауылында дүниеге келді.
Білімі
1995 жылы Ресей экономикалық университетін “экономист” және 2001 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін “заңгер” мамандықтары бойынша тәмамдады.
Мансабы
Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан Ұлттық комиссиясында маман және бөлім меңгерушісі болып бастады.
Әрі қарай еңбек жолы “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” акционерлік қоғамында жалғасын тапты: 1996—2001 жылдары бөлім меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы болса, 2001—2006 жылдары департамент директоры және басқарушы директоры болып, 2007 жылға дейін вице-президенті болды.
Бұдан кейінгі еңбек баспалдағы президент Әкiмшiлiгiнде көтерілді, яғни 2007 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан президентi Әкiмшiлiгi Парламентiнiң Үй iшiндегi басқармасы (қазіргі «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі) басшысының орынбасары болса, 2008—2011 жылдары Қазақстан президентi Әкiмшiлiгiнің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
2014 жылы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары болса, 2019 жылы он сегізінші Ауыл шаруашылығы министрі атанып, бұл қызметте 2021 жылдың жазына дейін болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Бір айдан кейін бұрын 2000-жылдары өзінің еңбегі сінген «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қайта оралып, 2022 жылдың жазына дейін басқарма төрағасы болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Омаровтың кәсіпкерлік жағынан да мансабы өсті: 2019 жылы “ҚазАгро холдингі” мен Қазақстан президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі, 2020 жылы Қазақстан президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Үйленген, жұбайы Айнұр Садыққызы Дәулетбердиева (1974 туған). 3 қызы бар — Аружан (1998 туған), Маржан (2003 туған) және Әлия (2010 туған).<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары мен атақтары
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001);
- Тыңға 50 жыл медалі (2004);
- Астанаға 10 жыл медалі, Түркістан қаласының Құрметті азаматы (2008);
- Қазақстан президентінің Алғыс хаты (2010);
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011);
- Құрмет ордені (2013);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016);
- «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі, «ТМД ПАА. 25 жыл» медалі (2017, ТМД парламентаралық ассамблеясы);
- Астанаға 20 жыл медалі (2018);
- Парасат ордені (2020).