Уәли Бисақанұлы Еламанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Уәли Бисақанұлы Еламанов (15 маусым 1952, Бударин ауылы, Ақжайық ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — әскери қайраткер, генерал-майор.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Рязань жоғары әуе десанты командалық уч-щесін бітіргеннен кейін, 1974–1982 жылдары әуе десанты бөлімдерінде взвод командирі, рота командирінің орынбасары, рота командирі, батальон командирінің орынбасары болды. 1982–1985 жылдары Мәскеудегі Әскери академияда оқыды. 1985–1996 жылдары полк командирінің орынбасары, дивизия штабы бастығының орынбасары, айрықша гвардиялық әуе десанты бригадасының командирі, 1996–1999 жылдары мотоатқыштар әскерлері оқу-жаттығу орталығының бастығы, армиялық корпустың командирі қызметтерін атқарды. 1999–2000 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы мақсаттағы күштері қолбасшысының бірінші орынбасары, бас штаб бастығы қызметінде болды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify Үлгі:Stub