Күлтабан
Үлгі:Көне қалашық Күлтабан – ортағасырлық шағын қаланың орны.
Орналасқан жері
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылының батыс жағында 5 км жерде орналасқан.
Деректер, сипаты
Бұл төңіректе Төрткүл, Күлтабан деп аталатын шағын қалалардың орындары Шу өзенінің бойын қуалай бір-бірінен 10-15 км жерде орналасқан. Шу–Талас өңірлерінде қазір 200-дей «Төрткүлдер» белгілі болып отыр. Мұндай ескерткіштер Алтайдан Азов теңізіне дейінгі аралықта кең таралған. Күлтабанды 1948 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) зерттеген.
Алынған көзелер, қыш ыдыстардың ерекшеліктеріне қарағанда оның тұрғындары б.з. X-XIV ғасырларында өмір сүрген деп пайымдалады. Олардың суғармалы егін шаруашылығымен айналысқаны анықталды. Күлтабан қаласына одан бергі уақытта археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Кейінгі жылдарда Шу мен Талас өңірлеріндегі (Ақтөбе, Ақсүмбе, т.б.) іздестіру жұмыстары барысында Күлтабан қазба материалдарына ұқсас заттар көптеп табылды. X-XIV ғасырларда қалалардың пайда болуы, қалыптасуы, дамуы, олардың әкімшілік, сауда, қолөнер орталықтарының көлемдері, ішкі құрылыстары туралы, қорғаныс жүйесі жайында Күлтабан материалдары көп мағлұмат береді.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref><ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X</ref>