Күлтабан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күлтабан – ортағасырлық шағын қаланың орны. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылының батыс жағында 5 км жерде орналасқан. Бұл төңіректе Төрткүл, Күлтабан деп аталатын шағын қалалардың орындары Шу өзенініңбойын қуалай бір-бірінен 10–15 км жерде орналасқан. Шу–Талас өңірлерінде қазір 200-дей «Төрткүлдер» белгілі болып отыр. Мұндай ескерткіштер Алтайдан Азов т-не дейінгі аралықта кең таралған. Күлтабанды 1948 ж. Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) зерттеген. Алынған көзелер, қыш ыдыстардың ерекшеліктеріне қарағанда оның тұрғындары б.з. 10–14 ғ-ларында өмір сүрген деп пайымдалады. Олардың суғармалы егін шаруашылығымен айналысқаны анықталды. Күлтабан қаласына одан бергі уақытта археология зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Кейінгі жылдарда Шу мен Талас өңірлеріндегі (Ақтөбе, Ақсүмбе, т.б.) іздестіру жұмыстары барысында Күлтабан қазба материалдарына ұқсас заттар көптеп табылды. 10–14 ғ-ларда қалалардың пайда болуы, қалыптасуы, дамуы, олардың әкімшілік, сауда, қолөнер орт-тарының көлемдері, ішкі құрылыстары туралы, қорғаныс жүйесі жайында Күлтабан материалдары көп мағлұмат береді.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Күлтабан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}