Николаев полиметалл кен орны

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Николаев полиметалл кен орныШығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында орналасқан.

Минералдары

Басты минералдары: пирит, марказит, халькопирит, сфалерит, кварц, барит. Алынатын басты металдар: мыс, мырыш, қорғасын.

Геологиялық құрылымы

Кен денесі девон жүйесінің эйфель-фран жасындағы жанартаутекті-шөгінді тау жыныстарынан құралған. Олар субжанартау-текті кварцты альбитофир және базальтты порфирит денелерімен кескінделген.

Жатыс сипаты

Кен орнында жарылымдармен, майда линзалармен бөлінген Орталық және Оңтүстік екі ірі кенді шоғыр белгілі. Олар 90 м тереңдікте бірігіп, ыдыс тәрізді денені құрайды. Орталық кенді шоғырына кен орнының негізгі металдық қоры жатады.

Құрамы

Кен сом, тұтас, сеппе, құрамы жағынан колчеданды, мысты-мырышты болып келеді. Олардың бір-біріне қатынасы тиісінше 1:2, 2:0,1:1. Қосымша элементтері алтын (0,7 г/т), кадмий (0,013%), сүрме (0,014%), күміс, кобальт, висмут, т.б. Күкірт мөлшері 40%-дай. Тотығу белдемінің тереңдігі 55-100 м. Кен шахта және ашық кеніш арқылы алынады. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub