Лениногор кенді ауданы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:47, 2016 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі Бегулы Отагасы (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Лениногор кенді ауданы - Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Құрамына Риддер-Сокольный полиметалл кен орны, Тишин полиметалл кен орны, Новолениногор және бірнеше ұсақ (Долинное, Шүлбі, т.б.) кен орындары кіреді. Игеру уақыты жағынан көнесі 1776 жылы Ф.Риддер ашқан Риддер-Сокольный полиметалл кен орны.

Геологиялық құрылымы

Кен орыны каледондық (микрокристалды тақтатастар) және герциндік (жанартаутекті шөгінді) жыныстардан тұратын екі құрылымға бөлінген. Мұндағы маңыздылығы жағынан екінші орындағы нысандардың бірі 1958 жылы А.А. Малыгин ашқан Тишин полиметалл кен орны болып табылады. Ол Негізгі және Солтүстік-батыс кен шоғырларына бөлінеді. Кенінде Zn — 6,5%, Pb — 1,12%, Cu — 0,61% сонымен қатар Au — 0,8 г/т және Ag — 12,8 г/т кездеседі.

Жатыс сипаты

Лениногор Кенді ауданындағы кен жыныстары 600 м тереңдікке дейін таралған және әр түрлі қабат пен линза тәрізді иірімдер түрінде ұшырасады. Pb — Zn, Zn — Cu және алтынмен байытылған (1,7 г/т) полиметалды кендер құрамында күміс көп (68,6 г/т) және қоспа ретінде Cd, Se, Te, Sb, Bі, Tl кездеседі.

Минералдары

Лениногор кенді ауданының негізгі кенді минералдары сфалерит, пирит, галенит, халькопирит, пирротин, алтаит, гессит, теллуровисмутин, сильванит. Кенді ауданның кен орындарын 1917 жылға дейін шетелдік кәсіпкерлер, ал одан кейін кеңестік заманда Лениногор полиметалл комбинаты игерген. Қазіргі уақытта Қазмырыш Акционерлік Қоғамына қарайды. <ref>Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub