Лөкқұм
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Лөкқұм – Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құм.
Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу және Көксу аудандары жеріндегі Ақсу және Қаратал өзендерінің төмен бөлігі аралығында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр.
Жер бедері
Теңіз деңгейінен орташа биіктігі – 40 − 400 м. Төбелі құм қырқаларының биіктігі – 3 −10 м, кей жері 20 − 25 м-ге жетеді. Лөкқұм дала шпаты және кварц аралас ұсақ түйіршікті құмнан түзілген.
Өсімдігі
Қау, жусан, теріскен, жүзгін, ақ сексеуіл, өзен жағалауында құрақ, қамыс өседі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>