Тебіссор

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:04, 2022 ж. сәуірдің 21 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл Тебіссор, ТебізсорӨлкейек алабындағы ағынсыз көл.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылынан солтүстікке қарай 95 км жерде.

Гидрографикасы

Ауданы 11,0 км2, ұзындығы 5,7 км, енді жері 2,8 км, жағалауының ұзындығы 14,6 км. Көл теңіз деңгейінен 152,1 м биіктікте жатыр. Су жиналатын алабының аумағы 448 км2.

Жағалау сипаты

Жағалауы жайпақ. Көлге Қарасай өзеншесі құяды. Қар суымен толығады. Күзде көпшілік жері сорға айналады. Алабы көктемде жайылым ретінде пайдаланылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер