Белқопа (көл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:16, 2020 ж. ақпанның 4 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл БелқопаАқтөбе облысы Ырғыз ауданындағы көл.

Гидрографикасы

Ауданы 14 км2. Ұзындығы 5,6 км, ені 4 км, тереңдігі 1-1,8 м. Ырғыз алабындағы Жоса өзенінің құяр сағасының оңтүстік-батысында 22 км жерде. Аумағы 15,2 км2. Су жиналатын алабы 274 км2. Көл көбіне қар суымен толысады. Қарашаның 1-онкүндігінде қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді.

Жағалау сипаты

Көлге солтүстік-батыстан және оңтүстігінен кішігірім 9 өзен құяды. Жағасы жайпақ. Жазда жиі-жиі құрғап қалады. Көлдің тұщы суы мал суаруға пайдаланылады.