Тоқтамыссай (өзен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

ТоқтамыссайСырдария алабындағы өзен.

Географиялық орны

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 54 км.

Бастауы

Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінен басталып Шортан көліне құяды.

Гидрологиясы

Аңғары астау тәрізді. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Соңғы жылдары көлге жетпей құмға сіңіп кететін болды. Өзен бойында, қамыс, тоғай, тікенді бұталар өседі. Егін суарылады. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер