Құмжарған

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

ҚұмжарғанЖем алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 59 км, су жиналатын алқабы 861 км2.

Бастауы

Өзен Мұзбел тауының батысындағы бұлақтардан басталып, Құмжарған ауылы тұсында Жем өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Аңғары кең, арнасы жарлы, төменгі ағысы Құмжарған құмын жарып ағады. Жауын-шашын және жер асты суымен қоректенеді. Ағыны көктемде 10-15 күн болады. Жазда жауған жаңбыр суларымен иірімдерге бөлініп қалады. Бақша және мал суарылады. Алабы - шабындық пен жайылым.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер