Жарық (өзен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына ЖарықЖайық алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 76 км, су жиналатын алабы 766 км2.

Бастауы

Бастауын Тоқмансай темір жол станциясы тұсындағы бұлақтардан алып, Қарамола тауының солтүстігіндегі Елек өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Қар және жер асты суларымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағымы 0,92 м2/с. Суы тұщы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер