Атжақсы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:37, 2024 ж. наурыздың 15 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

Географиялық орны

Атжақсы Ақтөбе облысындағы Жем өзенінің сол саласы. Ұзындығы 105 км, су жиналатын алабы 4680 км2 .

Бастауы

Мұғалжар тауының оңтүстік-батысындағы Намазтау (318 м) тауының етегінен бастау алып, Көкжиде құмының тұсында Жем өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Арнасы кең, ағысы баяу. Жемге құяр жердегі орташа су ағымы 2 м3 /с. Қарашасәуір аралығында суы қатады. Жаз айларында кейде суы тартылып, Жем өзеніне жетпей қалады.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер