Көкжиде (құмды алқап)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл Үлгі:Мағына КөкжидеҚұмжарған құмының оңтүстік-батысындағы құмды алқап.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы жерінде, Жем және Темір өзендерінің суайрығында орналасқан.

Жер бедері

Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, енді жері 17 км. Теңіз деңгейінен 270 – 280 м биіктікте. Көкжиденің жер бедері жалды-төбешікті келеді.

Өсімдігі

Құм беткейлері жусан, қияқ, қау, бетеге, жүзгін, т.б. шөптермен бекіген. Грунт суы жақын жатқан ойпауытты жерлерінде қамыс, тал шоғырлары өскен. Мал жайылымына қолайлы. Көкжиденің солтүстігінде Көкжиде мұнай кен орны орналасқан.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер