Маныссай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Маныссай, Мәнісай – Шығыс Каспий алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 195 км, су жиналатын алабы 9890 км2.
Бастауы
Маныссай Бақыртау тауының солтүстік-батыс етегіндегі бұлақтардан басталып, Доңызтау үстіртінің орта тұсындағы Ақтұмсық ауылы тұсында тартылa бастайды.
Гидрологиясы
Орта тұсындағы жағасы жарлы болып келеді. Жер асты суымен, жауын-шашынмен толығады. Көктемде тұтас ағын, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Әр-қайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайтын 40 саласы бар. Ірі саласы: Саралжынды. Жылдық орташа су ағымы Шаған өзені сағасы тұсында 0,10 м3 /с. Алабы — шабындық.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>