Саралжынды
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Саралжынды – Шығыс Каспий алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 92 км, су жиналатын алабы 1670 км2.
Бастауы
Әлітау мен Шошқакөл бұйраты баурайындағы бұлақтардан басталып, Маныссай өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Арнасы тар, тік жарлы, жайылмасы кей жерінде 100 — 200 м-ге жетеді. Қар, жер асты суымен толығады. Ағыны жылына 40 — 60 күндей ғана болады, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабы жайылым ретінде пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>