Шатырлысай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шатырлысай – Жем алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысының Байғанин ауданында. Ұзындығы 92 км, су жиналатын алабы 1220 км2.
Бастауы
Мұғалжар тауының оңтүстік-батыс бөлігіндегі бұлақтардан басталып, Жарқамыс ауылынан 10 км-дей жоғары тұстан Жем өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Кішігірім (ұзындығы 10 км-ден қысқа) 64 саласы бар. Көктемгі қар еру кезінде ғана тұрақты ағын болады, жазда иірімдерге бөлініп қалады. Алабы жайылым.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 том.</ref>