Жаман Телқара
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жаман Телқара – Торғай және Ырғыз өзендерінің алабында орналасқан.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Телқара өзенінің саласы. Ұзындығы шамамен 40 км.
Бастауы
Телқара өзеніне оңтүстігінен келіп құяды.
Гидрологиясы
Суы тұзды. Арнасы тар, тақыр саздақты. Қар, жаңбыр суларымен толығады. Көктемде еріген қар суымен ағады, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Өзен бойында Тастыбек, т.б. көптеген қыстаулар мен бұлақтар бар. Мал суаруға пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>