Қарасу (Ойыл алабындағы өзен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен ҚарасуОйыл алабындағы өзен.

Географиялық орны

Атырау облысының Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 60 км.

Бастауы

Ақшатау тауы тұсында Ойыл өзенінен тармақ болып шығып, Аққала ауылы тұсында қайта құяды.

Гидрологиясы

Арнасы ирелең, ені 5-20 м. Ағыны көктемде Ойылдың су деңгейі көтерілгенде ғана болады, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Суы шабындықты көлдетіп суғаруға пайдаланылады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер