Аққала (Атырау облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аққала (1993 ж. дейін Горы) — Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны
Жайық өзенінің оң жағасында, аудан орталығы Индербор кентінен солтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасқан.
Халқы
1989 жылы елді мекенде 679 адам тұрған.<ref>1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том</ref> 1999 жылы тұрғындар саны 733 адам (380 ер адам және 353 әйел адам) болса, 2009 жылы 825 адамды (411 ер адам және 414 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>
2021 жылғы санақ бойынша 861 адамды (433 ер адам және 428 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
Мәдени-әлеуметтік мекемелері
- Аққала орта мектебі — 1923 жылы ұйымдастырылып, ол мектеп бастауыш орыс мектебі болған. Кейін аралас жеті жылдық мектеп болып қайта құрылған. 1990-1991 жылғы оқу жылында Горы орта мектебіне айналдырылып, 1993 жылы Аққала орта мектебі деп аталды.<ref>Аққала орта мектебінің қысқаша тарихы Үлгі:Webarchive</ref> 2017 жылы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
Ауыл көшелері
- Есмұрат Құсусанов көшесі
- Жұмажан Сағындықов көшесі
- Иван Махорин көшесі
- Қабдол Жұмалиев көшесі
- Қосжан Есқалиев көшесі
- Нығмет Құлбаев көшесі (№1 көше)
- Орайхан Құспанғалиев көшесі
- Тілеген Жылысов көшесі
Сурет:Аққала 1.jpg
Ауыл панорамасы