Шақараты

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

Шақараты, Желдіқара – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.

Географиялық орны

Абай облысының Аягөз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 53 км, су жиналатын алабы 412 км2.

Бастауы

Тарбағатай жотасының батыс сілеміндегі Түлкілі, Ақшәулі таулары етегіндегі бұлақтардан басталып, Ақтүбек қыстауы тұсында Аягөзге құяды.

Гидрологиясы

Аңғары таулық сипатта, тар, сағасы маңында ғана аздап кеңейеді. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы сағасы тұсында 0,53 м3/с. Лайлылығы 50 – 100 г/м3. Алабы – жайылым, жағалауы – шабындық <ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер