Бөріктал
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бөріктал, Талдыбұйрат – Есіл алабындағы Тастыталды өзенінің оң саласы.
Географиялық орны
Ақмола облысы Жарқайың ауданы жерімен ағады.
Гидрологиясы
Ұзындығы 50 км. Су жиналатын алабы 730 км2. Қар суымен толығады. Өзен наурыз – сәуірде 15 – 25 күндей тасиды. Жылдық орташа су ағымы 0,50 м3/с. Қараша айының басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Суы шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>