Ырғызқұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:18, 2022 ж. желтоқсанның 20 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл ЫрғызқұмМұғалжар тауының шығысындағы Ырғыз өзенінің сол жағалауын алып жатқан төбешікті құм.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерінде.

Жер бедері

Оңтүстіктен солтүстікке қарай 21 км-ге созылып жатыр. Ені 10 км-ге жетеді. Ауданы 90 км2. Салыстырмалы биіктігі 10 м шамасында. Грунт сулары кездеседі.

Өсімдігі

Еркекшөп, шағыл, жусан өседі. Мал жайылымы.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер