Көкалақұм
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Шөл Көкалақұм – Үлкен Борсық құмының оңтүстік бөлігіндегі құмды алқап.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаңбақты ауылынан 7 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 5-6 км. Теңіз деңгейінен шамамен 140 м биіктікте жатыр. Жалды шағыл құмдардың шетінде Қызғалдақ, Жиек, т.б. қыстаулар орналасқан. Жер асты суы 1-25 м тереңдіктен шығады.
Геологиялық құрылымы
Палеоген тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан.
Өсімдігі
Қоңыр топырағында жусан, шеңгел, жүзгін, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>