Дініш Дияров
Үлгі:Тұлға Дініш Дияров (18 наурыз 1938, Орпа ауылдық кеңесі, Новобогат ауданы, Гурьев облысы, Қазақ КСР - 28 қыркүйек 1985, Ақтау, Қазақ КСР) — қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының кандидаты (1969), мұнай кен орындарын игеру және жер асты гидродинамикасы саласының маманы.
Өмірбаяны
Дияров Дініш 1938 жылы 18 наурызда Гурьев облысы Новобогат ауданы Орпа ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Руы Себек Беріш.
Әкесі — Оспанов Дияр, анасы — Оспанова Жаныл. Әкесі қолөнерге өте шебер болған. Отбасын асырау мақсатында сиыр мүйізінен тарақ жасап, оны сатып күнкөрісін қамтамасыз еткен. Сонымен қатар колхозда сиыр бағып еңбек еткен. Отбасында екі үлкен апасы болған — Самия мен Үміт.
Білімі
1945–1955 жылдары орта мектепті алтын медальмен тәмамдаған<ref>https://qazdauiri.kz/news/qariyasyn-syilaityn-el-edik?ysclid=mpz7b4cd82746451918</ref>.
1955–1960 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) математикалық факультетінде білім алып, есептеу математикасы мамандығын бітірді.
1969 жылы Мәскеу қаласында «Кеуекті ортадағы араласпайтын екі сұйықтың шекарасын зерттеу» тақырыбында диссертация қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Сондай-ақ оның ғылыми еңбектері мұнай бергіштігін арттыру мәселелеріне арналған.
Еңбек жолы
1960–1961 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясында аға лаборант.
1961–1962 жылдары Гурьев педагогикалық институтының математика кафедрасында аға оқытушы.
1962–1971 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу геология-барлау мұнай институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жер асты гидродинамикасы зертханасының меңгерушісі.
1971–1983 жылдары Қазақ мұнай кен орындарын жобалау ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, ғылыми бөлім меңгерушісі.
1983–1985 жылдары ҚазНИПИнефть институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары (Ақтау қаласы).
Ғалым 1985 жылы ауыр науқастан қайтыс болды.
Ғылыми еңбектері
Дініш Дияровтың еңбектері мұнай кен орындарының сүзгілік қасиеттерін, жоғары тұтқыр мұнайды өндіру және мұнай бергіштікті арттыру мәселелерін зерттеуге арналған.
Негізгі еңбектері:
- Исследование механизма нефтеотдачи в пластах большой мощности с высоковязкой нефтью (на примере месторождений Эмбы) — диссертация, Мәскеу, 1968
- Структура порового пространства коллекторов нефти и газа / В.А. Иванов, В.Г. Храмова, Д.О. Дияров — Мәскеу: Недра, 1974
Оның есімі «Қазақстанның мұнай энциклопедиясында», сондай-ақ ҚазНИПИнефть ұжымының «Адамдар. Оқиғалар. Деректер» атты мемуарлық жинағында аталады.
Отбасы
Жұбайы — Зейнеп Жұманова, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі», «Құрмет белгісі» орденінің иегері.
Қызы — Лязат Диярова, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің оқытушысы, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»<ref>https://school.yu.edu.kz/ru/pps-irgeli-%D2%93ylymdar/diyarova-lyazat-dinishevna-professor/</ref>.
Ұлы — Айвар Дияров, Қазақстан Республикасының кеден қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, «Ерен еңбек үшін» медалінің иегері.
Сілтеме
Нефтяная энциклопедия Казахстана. Астана, Ұлттық мұнай компаниясы «Қазақойл», 1999. ISBN 0-9536754-2-4
Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. Алматы, «Мұнайшы» қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1