Аяққалқан минералды суы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аяққалқан минералды суы Іле өзенінің сол жағалауындағы палеоген, неоген құмды қабаттарындағы тектоник. жарылымдардан бұрғыланған ұңғымалар арқылы шығып жатқан, арыны мол шипалы су. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек а-нан солт.-батысқа қарай 45 км жерде, Іле өз-нің сол жағалауында орналасқан. 1956 ж. бұл жерде аудандық санаторий ашылды. 1960 – 70 ж. суы шипалы сусын ретінде “Алматы минералды суы” деген атпен сатуға шығарылды. Суының температурасы 29°С, құрамы хлорлы-сульфатты натрийлі, минералд. 4,5 г/л. Асқазан, ішек, қол-аяқ, бел сырқаттарын және әйел ауруларын емдеуге пайдаланылды. 1970 жылдан кейін минералды су шығып тұрған ұңғымалар, бұлақтар Қапшағай бөгенінің астында қалып, Аяққалқан курорты жабылды. Кейін 1989 – 91 ж. Қапшағай бөгенінің шығыс жағалауында жүргізілген гидрогеол. барлаудың нәтижесінде антропоген құмды қабаттарынан, бұл минералды судың жаңа көздері табылды. Ұңғымалардан атқылаған судың мөлш. тәулігіне 8 – 20 мың м3-ге жетеді. Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub