Аяққалқан минералды суы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аяққалқан минералды суы – Іле өзенінің сол жағалауындағы палеоген, неоген құмды қабаттарындағы тектоник. жарылымдардан бұрғыланған ұңғымалар арқылы шығып жатқан, арыны мол шипалы су. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек а-нан солт.-батысқа қарай 45 км жерде, Іле өз-нің сол жағалауында орналасқан. 1956 ж. бұл жерде аудандық санаторий ашылды. 1960 – 70 ж. суы шипалы сусын ретінде “Алматы минералды суы” деген атпен сатуға шығарылды. Суының температурасы 29°С, құрамы хлорлы-сульфатты натрийлі, минералд. 4,5 г/л. Асқазан, ішек, қол-аяқ, бел сырқаттарын және әйел ауруларын емдеуге пайдаланылды. 1970 жылдан кейін минералды су шығып тұрған ұңғымалар, бұлақтар Қапшағай бөгенінің астында қалып, Аяққалқан курорты жабылды. Кейін 1989 – 91 ж. Қапшағай бөгенінің шығыс жағалауында жүргізілген гидрогеол. барлаудың нәтижесінде антропоген құмды қабаттарынан, бұл минералды судың жаңа көздері табылды. Ұңғымалардан атқылаған судың мөлш. тәулігіне 8 – 20 мың м3-ге жетеді. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аяққалқан минералды суы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}