Сағашилі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:13, 2024 ж. желтоқсанның 17 кезіндегі Casserium (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Сағашилі (2007 жылға дейін – Покровка)<ref>Мұғалжар ауданындағы Покровка селосын - Сағашилі ауылы деп қайта атау туралы</ref> — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы ауыл, Еңбек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Қандыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 32,8 км-дей, облыс орталығы Ақтөбеден 130 км-дей жерде жерде, Темір өзенінің сол жағасында орналасқан. Ауыл маңынан Атырау - Қандыағаш темір жолы және Ақтөбе-Атырау тас жолы өтеді.

Тарихы

Іргесі 1930 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. Бұрынғы Грачевский ауылдық кеңесі орталығы. Бұрын бұл ауылда Сталин атындағы ұжымшар болған. 1961-1996 жылдары астық өсіретін кеңшардың орталығы болды. Кеңшар негізінде Покровкада және округтегі Басшилі, Теміркөпір, Тепсен Қарабұлақ ауылдарында ӨК және шаруа қожалықтары құрылды. Бұрынғы шаруашылықта 90 трактор, 72 машина, 145 комбайн, 500 жылқы, 6000 мүйізді ірі қара және 17000 қой болған. 1981 жылы 38000 ц астық жинап, 9000 ц ет, 11500 ц сүт тапсырған. Кезінде 35 адам КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталған. Социалистік Еңбек Ері - Андрей Лагучин қызмет істеген.

Жер көлемі

Жер көлемі - 143000 га, ал егістігі -29000 га. Ауданаралық тас жол бар.

Атауының өзгеруі

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын есепке алып облыс әкімдігі қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етеді:

  • Мұғалжар ауданының Покровка селосы - Сағашилі ауылы деп қайта аталсын.
  • Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1414 адам (672 ер адам және 742 әйел адам) болса, 2009 жылы 1623 адамды (830 ер адам және 793 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1684 адамды (902 ер адам және 782 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Инфрақұрылымы

Сурет:Сағашилі мектебі.jpg
Сағашилі орта мектебі
  • Қазір Сағашилі ауылында "Сағашилі орта мектебі" жұмыс істеп келеді. Мектептің атауы 2013 жылы Абай орта мектебінен Сағашилі орта мектебіне өзгертілді. Қазіргі таңда мектепте 310 оқушы және 64 мұғалім бар. Ауылда сонымен қатар мектепке даярлайтын "Дана" балабақшасы бар.
    Сурет:Балабақша.jpg
    Сағашилі балабақшасы
  • 2014 жылы жаңадан дәрігерлік емхана ашылды. Бұл жаңа дәрігерлік емханада 10 медициналық қызметкер және 1 бас дәрігер қызмет етуде.
  • Ауылда кеңшардан бері жұмыс істеп келе жатқан мәдениет үйі бар.
  • Қамалұлы Ерболат құрған (8.03.2006) жалғыз мешіт бар.
Сурет:Сағашилі мешіті.jpg
Сагашилі мешіті
Сурет:Мешіт.jpg
Сағашилі мешіті

Шаруашылығы

20 өндірістік корпоратив, 1 серіктестік бар.

Табиғаты

Өзендер - Темір, Шиелі, Қандыағаш, Ойыл. Таулар - Елубай, Байжарық, Байбосын. Сирек кездесетін өсімдіктер - берік сүттіген. Аң-құстар - кәмшат, құндыз, тарғақ. <ref>"Ақтөбе тарихы" кітабы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Мұғалжар ауданы елді мекендері