Берік сүттіген

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Берік сүттіген (Үлгі:Lang-la) – сүттіген туысына жататын бұта. Үстірттің солтүстік-батысында, Маңғыстау түбегіндегі Қауынды ойысы мен Сеңгір құмында өседі. Биіктігі 25 — 50 см. Сабағының төменгі бөлігі сүректенген. Бұтағын сындырғанда сүт бөлінеді. Жапырақтарының ұшы үшкір, бүтін жиекті, эллипс немесе ланцет тәрізді. Ұзындығы 3 — 15 мм, ені 2 — 6 мм. Гүлдері дара жынысты, бір не екі үйлі. Гүл шоғырының 2 орам жапырағы бірігіп, сырты жалаңаш, ішін қалың түк басқан қоңырау тәрізді дене түзеді. Осы денеге байланысты бұл өсімдік берік сүттіген деп аталады. Гүл шоғырының ұшында бір аналығы жетіледі. Оның түйіні — үш ұялы. Аталық гүлдері қоңырау тәрізді, орам жапырақтарының қойнауында топталып жетіледі.

Берік сүттіген тұқымынан көбейеді. Мамыр — тамыз айларында гүлдеп, шілде — қазанда жемістенеді. Жемісі — үш жаңғақша. Тұқымдары жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 2 — 3 мм, ашық сұр түсті. Берік сүттіген өте сирек кездесетін, реликт өсімдік болғандықтан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Берік сүттіген — мал жемейтін улы өсімдік. Гүлінен аралар бал жинайды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Берік сүттіген|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}