Құланды кемері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Үстірт Құланды кемеріОңтүстік Үстірттегі кертпешті кемер.

Географиялық орны

Маңғыстау облысы Қарақия ауданында, Түйесу және Қарынжарық құмды алқаптары аралығында жатыр.

Жер бедері

Ендік бағытта созылған кемердің биіктігі 55–80 м. Батысы мен (абсолюттік биіктігі 281 м) шығысы (267 м, Құнанбай тауы) көтеріңкі келген. Кертпештің жазықпен ұласатын оңтүстігінде (Маңғыстау үстіртінде) бірнеше құдықтар (Жұқырай, т.б.) мен қыстаулар, бейіттер бар.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер