Бозащы түбегі
Үлгі:Түбек Бозащы – Каспий теңізінің солтүстік-шығысындағы түбек.
Мазмұны
Орналасқан жерi
Аумағы 20 мың км². Абсолютiк биіктігі 29 м. Жер бедеріне төрттік кезеңнің ойпатты аккумуляттық жазығы тән. Онда құмдауытты төбелер кездеседі. Жер беті солтүстікке қарай еңістеніп, шығыста Өліқолтық пен Қайдақ сорларына ұласады.
Климаты
Климаты континенттік. Қаңтарда ауаның орташа температурарасы –7С, шілдеде 26С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 200 — 250 мм. Жылына 40 күндей дауылды жел (жылд. 15 м/с-тен астам) болып тұрады. Теңіз жағалауында сораң топырақ, қалған жерінде сұр және сортаң топырақ қалыптасқан.
Өсімдіктер
Өсімдіктерден бұйырғын, жусан, т.б. өседі. Құмды жерлерде тұщы құдықтар кездеседі.
Түбек жері мал жайылымына пайдаланылады. Қаламқас, Қаражанбас, Бозащы мұнай-газ кендерін игеруге байланысты автомобиль жолдары салынған, мұнай құбырлары тартылған.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>
Шаруашылық маңызы
Бозащы артезиан алабы
Үлгі:Main Бозащы артезиан алабы – Бозащы түбегіндегі арынды жер асты суы қалыптасқан аймақ. Бозащы артезиан алабының тұщы және тұзы аздау артезиан, грунт сулары елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, ішінара егістікке пайдаланылады.
Бозащы мұнай-газ кен орны
Үлгі:Main Бозащы мұнай-газ кен орны - Маңғыстау облысы, Ақтау қаласынан солтүстікке қарай 175 км жерде, Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауындағы Бозащы түбегінде орналасқан. Кен орын 300-дан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.