Цитадель қамал қабырғасы
Үлгі:Ғимарат Цитадель қамал қабырғасы — Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шығыс жағында орналасқан фортификациялық құрылыс түріне жататын тарихи-археологиялық ескерткіш. Ескерткіштің уақыты — ХVІ–ХІХ ғасырлар.
Мазмұны
Сипаттамасы
Цитадель қамал қабырғасы — Түркістан қаласының ежелгі қорғаныс жүйесінің бір бөлігі. ХVІІІ ғасырдың бас жағындағы Түркістан қаласының фортификациялық құрылысы туралы алғашқы сызбаларда қала ұзын қорған қамалмен қоршалғаны көрсетілген. Қамал қорғанның үстіңгі бөлігі тісті етіп аяқталған, ал мұнаралары дөңгелек пішіндес болып, бөрене төсемдерімен жабылған<ref name=":0">«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 184 б. Алматы 2025 ж. 143 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>.
Зерттелу тарихы
1947 жылы А.Н. Бернштам жетекшілігіндегі экспедиция Түркістан қаласының цитаделі мен шахарістанының сақталынып қалған қамал қабырғаларының жоспарын түзеді. 1973 жылы ескерткіште алғашқы археологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Т.Н. Сенигова зерттеулерінің нәтижесінде қамал қабырғасының үш құрылыс горизонты анықталған: ХІХ–ХХ ғғ. , ХVІІ–ХVІІІ ғғ. және ХІV–ХVІ ғғ. А.И. Добромыслов мәліметіне сүйенсек, цитадельді қоршаған қамал ХХ ғасырдың бас жағында қирай бастаған<ref name=":0" />.
Қалпына келтіру жұмыстары
1978–1979 жылдары реставраторлар А.Н. Марьящев пен Ю.А. Мотов жүргізген археологиялық зерттеулер нәтижесінде қорған қамалының солтүстік-шығыс бөлігі, шығыс мұнарасы және солтүстік-шығыс қақпалары қайта қалпына келтірілді. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан кейін қамал қабырғалары өзінің қорғаныс қызметін жоғалтып, біртіндеп қирай бастаған. 1980 жылы қабырғалардың фрагменттері қайта қалпына келтірілді. 1998–1999 жылдары Түркістан реставраторлары ескерткішке жөндеу жұмыстарын жүргізген<ref name=":0" />.
Мемлекеттік қорғау
Ескерткіш 1994 жылғы "Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресі" (Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша) жинағына №590.4 нөмірімен енгізіліп, мемлекет қарауына алынған<ref name=":0" />.
Дереккөздер
Әдебиеттер
- Стена крепостная // Свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область. А., 1994. –С.277. №590.4.
- Цитадель қамал қабырғасы // «Әзірет Сұлтан» энциклопедиясы, І-том. Түркістан, 2021. 344-345 бб.
- Цитадель қамал қабырғасы // Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер. А., 2016. 19 б.
- Исследования фортификационных сооружении // Смагулов Е., Григорьев Ф., Итенов А. Очерки истории и археологии средневекового Туркестана. А., 1999. – С.149-165.
Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері