Ысмайыл Ата сәулет кешені

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:40, 2025 ж. маусымның 19 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Ысмайыл Ата архитектуралық кешеніТүркістан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында орналасқан.

Кезеңі

ХІ-ХІХ ғасырлар.

Тарихи деректер, сипаты

Кесенеден басқа мазарлар тобы мен қабірден тұратын кесене тұтас Ысмайыл Ата архитектуралық кешеннің бөлігі болып табылады. Бұл әр түрлі кезеңдік ғимараттар тобы, өйткені кешен ХІ-ХІХ ғасырлардың ұзақ кезеңдерінде қалыптасты. XV-ғасырда өмір сүретін мистик, уағыздаушы және қоғам қайраткері Ысмайыл-Ата кесенесінің өзі кешеннің солтүстік жағында орналасқан.
Ғимарат қос күмбезді порталды-күмбезді құрылыс болып табылады. Басты көлемге үш жағынан аласа апсидалар қосылады. Сфералық күмбез ішінен сегіз қырлы қабырғаларға, ал сыртқы күмбез барабанға тіреледі. Қабырғаларында және күмбезасты барабанда құрылыстар фрагменттері қабырғалық тізімдемелері оюлы сипатта жеткілікті сақталған.
Ескерткіш бірнеше рет қалпына келтірілді.
Ысмайыл-Ата кесенесінің жанында Қошқар Ата мазары орналасқан, ол төмен апсидті порталды-күмбезді бір камералы құрылыс болып табылады. Онда құлпытастар орнатылған. Мамандардың пікірінше, ескерткішке тән бөлшек ұяшықты желкендерді бір-бірінің үстінен шығып тұрған қосарлы кірпіш түрінде орнату болып есептелінеді.
Екі кесене де маңызды рухани қасиетті болып саналады және бүкіл аймақтың және одан тыс жерлерде мұсылман халқы құрмет тұтады. Кесенелер Түркістан облысынан "Қазақстанның 100 сакралды нысаны" тізбесіне енгіздірілген.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері