Шардара даласы
Үлгі:Дала Шардара даласы – Сырдария өзеннің сол жағасын бойлай Шардара бөгенінен Көксарай аулына дейін солтүстікке қарай бойлық бағытта 175 км-ге созылып жатқан өңір, ені 50 км-ге дейін.
Географиялық орны
Түркістан облысының Шардара, Отырар аудандары, Арыс қалалық әкімдігі аумағы жерінде.
Жер бедері, климаты
Жер беті тегіс, биіктігі 200 м-дей; құмды, сазды аллювийлік шөгінділерден түзілген. Жер асты суы ащылау, 15 м тереңдікте кездеседі. Климаты тым континенттік. Қаңтарда орташа жылдық температура –4°C, шілдеде 29°C. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм.
Топырағы мен өсімдігі
Топырағы солтүстігінде қоңыр, оңтүстігінде сұр, сортаңды. Эфемерлер, жусан, жыңғыл, жүзгін, баялыш, күйреуік, т.б. өседі. Суармалы жерлері мақта, күріш егуге өте қолайлы.<ref> Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>