Ақтөбе округі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
05:37, 2025 ж. мамырдың 4 кезіндегі Nurken (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Әкімшілік бірлік Ақтөбе округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Ақтөбе округі 1928 жылы 17 қаңтарда Ақтөбе губерниясының бір бөлігінен құрылды. Округ орталығы - Ақтөбе қаласы болды. Округке 14 аудан кірді:

1928 жылы 23 маусымда Шілік ауданы Шыңғырлау ауданы болып өзгертілді.

1929 жылы 10 сәуірде жойылған Адай округінен, орталығы Алтықарасу мәдмекені болған Алтықарасу ауданы, орталығы Көкмешіт мекені болған Табын ауданы және орталығы Ойыл ауылы болған Ойыл ауданы Ақтөбе округіне ауыстырылды.

1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтері сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.

Әдебиет